Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттеріміз "Нұр Отанның" алғыс хатымен марапатталды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің конференц-залында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты облыстық филиалының VII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына "Нұр Отан" партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ə. Мұхтарханов қатысты. Конференция соңында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ IV Съезіне облыстан 41 делегат сайланды.

Конференцияға ШҚМУ "Жас Отан" ЖҚ-ның белсенді жастары да белсене қатысты. Сонымен қатар, белсенді жасотандықтар – "Әлеуметтік психология және педагогика" мамандығының 2 курс студенттері Г. Абдували және С. Сейітқұлова "Нұр Отан" партиясы ШҚОФ атынан алғыс хатпен марапатталды.

Қайыржан Басбақбаев,

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Жас Отан" ЖҚ-ның бастауыш бөлімі жетекшісі

Қазақ
× You found a Typo