Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттеріміз Startup Weekend бизнес семинарына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері Пушкин атындағы кітапхана мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ өткізген Startup Weekend бизнес семинарына қатысты.

ШҚМУ студенттері Гүлім Әбдиева, Альфия Мәмбетяр («Физика», 3 курс), Ақмарал Баймағамбетова, Әсел Сабырбаева («Өңдеу өндірісінің технологиясы», 3 курс), Сергей Герт («Ядролық физика», 2 курс) Пушкин атындағы кітапхананың Америкалық мәдениет орталығы ШҚМТУ-мен бірлесе отырып бірінші рет өткізген Startup Weekend бизнес семинарына белсене қатысып қайтты. Бұл жөнінде университеттің «Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы» ақпарат берген болатын.

Назарбаев университеті акселерация бағдарламасының менторы Ермек Дүйсенханов, Инженерия ғылымының PhD докторы Алекс Папачен және жергілікті кәсіпкерлер Мұхтар Тойбазаров пен Нұржан Жаңабаев бизнесті қалай бастауға болатыны жайлы лекциялар оқыды.

Біздің студенттер топқа бөлініп, өз бизнес жобаларын ұсынып, арнайы мамандардың алдында қорғап шықты. Нәтижесінде олар өздеріне көп тәжірибе жинады. Семинарға қатысушылар сертификат және сыйлықтармен марапатталды.

«Creative science» студенттердің

ғылыми зерттеу клубы

Қазақ
× You found a Typo