Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Студенттік көктем- 2017» гала-концерті дүркіреп өтті

Журыда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өнерлі жастарды қолдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Студенттік көктем-2017» көркемөнерпаздар байқауының марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтті.

Іс шараның басты мақсаты студенттердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беріп, оларды сапалы маман қылумен қатар жан-жақты, рухани дамыған тұлға етіп қалыптастыру болып табылады.
Бұл фестивальді асыға күткен студенттер, биылғы байқауға ерекше дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Олай дейтініміз олар заманауи бағыттағы 3D форматы бойынша тамаша шоу көрсете білді. Сонымен қатар студенттер үшін  «Студенттік көктем» фестивалі – жыл сайын университет көлемінде өтетін ауқымды іс-шаралардың бірі ғана емес, студенттердің әсерлі, қызыққа толы ұмытылмас мерекелерінің бірі болып табылады .
«Студенттік көктем» байқауының гала-концертіне екі күн іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 4 факультеттің жеңімпаздары қатысты.
Мұнда жеңімпаздар «Эстрадалық ән», «Дәстүрлі би», «Халықтық би», «Заманауи би» «Классикалық би», «Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі», «Авторлық шығармалар байқауы», «Ерекше жанр», «Көркем  сөз оқу» т.б. аталымдары бойынша марапатталып, өнерлерін көрсетті.
Өнерлерімен тәнті етіп, байқауда ерекше көзге түскен студенттер өздерімен қоса факульттеріне де жеңіс әкелді. «Студенттік көктем-2017» атағын экономика жəне құқық факультеті жеңіп алды. Ал, «Ең үздік ұлттық би» атағына   Жаратылыстану ғылымдар және технологиялар факультеті иеленсе, «Үздік эстрадалық би» атағын тарих, филология жəне халықаралық қатынастар факультеті иеленді.
«Үздік заманауи би» атағы бойынша психология, педагогика жəне мәдениет факультеті жеңіп алды.
«Үздік сюжетті би» атағына экономика және құқық факультеті иеленді.
«Ең үздік вокал» атағын психология, педагогика жəне мәдениет факультеттері  қанжығаларына байлады. Көңіл-күйге көңілді əсер беретін «Ең үздік КТК» бойынша тарих, филология  және халықаралық қатынастар факультеті иеленді. Ал «Қазақша КТК» бойынша ең үздік деп  Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті танылды. Кезекті «Студенттік көктем Аруы» атағы бойынша  Ботагөз Салимова иеленсе, Шынғысхан Кабдыкалык «Студенттік көктем Сұлтаны» атағына ие болды.
Оларға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен қаржы сертификаттары табысталды. Байқауға қатысқан барлық жеңімпаз студенттерге демеушілер тарапынан дипломдар, түрлі сый-сыяпаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар, 20 сәуір күні өткен «Ең үздік студенттік топ» байқауы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының 2 курс студенттері жеңіске жетсе, «Үздік топ жетекшісі» номинациясын  Римма Ерболатқызы иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo