Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттік көктем дәстүрлі фестивалі өтті

Кешелі бері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  университетінде өнерлі жастарды қолдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Студенттік көктем» факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы болып өтті.

Екі күнге созылған байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.
Студенттердің шығармашылығын  келесі құрамдағы жюри бағалады: Ануар Ахметқалиев, Константин Романо, Екатерина  Семке, Əлібек Досумбаев.
Фестивальға 4 факультеттің 100- ден аса  студенттері қатысты. Әр студент өздерінің өнерлерін көрсеткен керемет кеш болды.
Дәстүрлі көктемгі мерекені асыға күткен студенттер биылғы байқауға ерекше дайындықпен келген. Сахнаның безендірілуі, көздің жауын алатын костюмдар, әсерлі әндер мен әдемі билер – осының бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Айтса айтқандай, «Студенттік көктем» фестивалі – жыл сайын университет көлемінде өтетін ауқымды іс-шаралардың бірі ғана емес, студенттердің әсерлі, қызыққа толы ұмытылмас мерекелерінің бірі.
Байқаудың алғашқы күні филология, тарих  жəне халықаралық қатынастар факультеті , сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары жəне технологиялар  факультеттерінің командалары өзара бақ сынасса, екінші күні экономика жəне  құқық факультеті мен психология, педагогика жəне мәдениет  факультеттерінің құрамалары өнер көрсетті.
Байқау бағдарламасына жанды дауыспен ән айту, хореография, КТК сайысы, музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі, көркем сөз оқу, режиссура, үздік бейнеролик,сонымен қатар үздік жүргізушілер номинациялары енгізілді.
Өнерлерімен тәнті етіп, байқауда ерекше көзге түскен студенттер өздерімен қоса факульттеріне жеңіс əкелері сөзсіз.
Атап айтар болсақ, экономика факультетінің студенті Айгерім Аскарқызының  әндер номинациясы бойынша керемет өнер көрсетті. хореография номинациясында ұлттық би бойынша  психология, педагогика жəне мәдениет факультетінің  "Корей биі" мен  жаратылыстану ғылымдары жəне технологиялар факультеттерінің  "Қазақ биі" тамаша орындалды. Заманауи би сайысында 4 факультетің студенттерінің кең ауқымды идеяларын ортаға салып көпшіліктің көзайымына айналды.  КТК ойындарында да  факультетінің жайдарманшылары үздік деп танылды, аспаптарда ойнау аталымында жаратылыстану ғылымдары жəне технологиялар факультетінің студенттері Мақсат пен Саяның өнерлері өрге асты. Көркем сөз оқу, жүргізушілер және бейнеролик номинацияларыды қызу талқыға түсті .
Екі күнге жалғасқан өнер сайысының қорытындысын сәуір айының 21 күні біле аламыз. Студенттерге сəттілік.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo