Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Суға батып бара жатқан әйелді құтқарған ШҚУ студенті А. Боровиков С.Аманжолов медалімен марапатталды

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының  2 курс студенті, жиырма жасар Артем Боровиков Ертістің мұзды суына батып бара жатқан қарт әйелді құтқарды. 

Бұл күні, 28 қаңтарда, Артем донор ретінде плазма тапсырады. Ол үйге, Мирный кентіне келіп, әлсіздік сезініп, төсекке жатады, бірақ оны Вера Красскова «тұр, бір әйел батып жатыр!» деп оятады.

– Мен көшеге жүгіріп шықтым (үйіміз Ертіс жағасында), қарасам бір әйел өзен ағысымен жүзіп, көмекке шақырып жатыр. «Бәрі жақсы, қазір құтқарамын!» деп айғайладым оған. Бірден суға секірдім, су мұздай екен! Әйел адам жағадан өзеннің ортасына кетіп бара жатты. Сондықтан еш ойланбастан секірдім! Тез қасына жеттім, ол суға бір батып, бірақ менен ұсталынып алды. Содан кейін оны күртешесінен ұстап, бірге мұзға қарай жүздім. Бірақ мұз сына бастады... со кезде мұз үстіне жатып алдым. Вера маған таяқ берді, бір қолыммен таяқты, екінші қолыммен әлгі апайды ұстадым. Шақырылған көмекті он бес минут күттік... Мұздағы осы  арпалысқа толы 15 минут өмір бойы есімде қалады... Шамам келмей жатқанда апайдың жылап: «Балам, мені жібере сал...» дегені көз алдымда. Мен оның қолын қаттырақ қысып, мұзға жабысып жатып адым, ол сынып кетуі мүмкін еді... Бұл "Титаниктегі" кадр секілді болды, керісінше – фильмде кейіпкер қыздың қолынан ұстап тұрады, ал мен су түбіне батып бара жатқан әйелдің қолынан ұстап тұрдым, – дейді Артем Боровиков.

20 минуттық бұл трагедия бақытты аяқталды… Полиция мен жедел жәрдем келгеннен кейін, Артем мен әйел ауруханаға жеткізілді. Жігіттің гипотермиядан дене температурасы 34 градусқа дейін төмендеп, қолы көгерген. Ауруханада оған медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Ал әйел травматология бөліміне ауыстырылды, бүгінде ол қанағаттанарлық жағдайда.

29 қаңтарда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлеген ерлігі үшін студентті Сәрсен Аманжолов атындағы медальмен марапаттады, сондай-ақ оған Абай атындағы стипендияны және бүкіл оқу кезеңіне ректордың грантын табыс етті, сондай-ақ оны бакалавриаттан кейін магистратурада оқуға шақырды.

Ал Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы Андрей Мола А. Боровиковқа грамота мен сағат табыс етті. Батыл жігітті университетті бітіргеннен кейін жұмысқа келуге шақырды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo