«Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» деген рухты жырлаған ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойының қарсаңында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды.
Кітапхананың ғылыми абонементінде (№1 оқу ғимараты) С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» атты екі томдық өлеңдер жинағы, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы» поэмалары, әңгіме, очерк, мақалалары мен хаттары бірнеше томдық жинақтары, сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертетін газет-журнал материалдары да өз оқырмандарын күтеді.
Ғылыми кітапхана