18.01.2018
Synergy Global форумына белсенді қатысқаны үшін марапатталды
ШҚМУ студенті Әлішер Мишелёв Алматыдағы Synergy Global Forum-2017 форумына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
ШҚМУ ТФжХҚФ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының 2 курс студенті Әлішер Мишелев Synergy Global Business Forum Almaty-2017 форумына қатысқаны үшін Қазақстандағы «Синергия» бизнес мектебінің директоры Гүлнара Ғұмаровадан алғыс хат алды.
Алғыс хат студентімізге форумды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін беріліп отыр.
Құттықтаймыз! Жетістіктерге жете бер, Әлішер!
Баспасөз қызметі