С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – өңіріміздегі жаңғыз мемлекеттік көпбейінді ЖОО.
ЖОО оқу бағдарламалары сан алуан: бакалавриат – 45, магистратура – 30, PhD докторантура – 3, бағыттары: білім, жаратылыстану, бизнес, техникалық ғылым, қызметтер, құқық.
Бакалавриат пен магистратураның бағдарламалары аккредитациядан өткен.
ШҚМУ 4 факультеттен, 18 кафедрадан тұрады.
ЖОО-ның инфрақұрылымы және материалдық-техникалық базасы дамыған (жатақханалары, демалыс базасы, спорт залдары, бассейні бар).
ШҚМУ ұлттық ғылыми зертханасы бар өңірдегі бірден-бір ЖОО.
Өңір ШҚМУ мамандарына мұқтаж, аймақта 750 орта, орта-техникалық білім мекемесі, көптеген кәсіпорындар бар.
ШҚО-дағы дамыған металлургия, машина жасау, туризм салалары, орман, жеңіл, тағам өнеркәсіптері ЖОО түлектеріне сұранысты арттырады.
ШҚМУ шетелдік, отандық орталықтармен, ЖОО-лармен тығыз байланыс орнатқан.
ЖОО студенттері, магистранттары, оқытушылары академиялық мобильділік және алмасу бағдарламаслары бойынша шетелдік ЖОО-ларда оқу, тағлымдамадан өту мүмкіндігіне ие.