Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Талапкерлер мен ата-аналар үшін: Білім грантына ілікпегендер оқуды қалай төлей алады?

Білім гранттары ҰБТ/ТКТ нәтижелері бойынша конкурс негізінде тағайындалатыны бәрімізге белгілі. Түлектердің барлығы бірдей оны иелене алмайтындығы түсінікті. Бұл студенттердің басым бөлігі ақылы негізде білім алады деген сөз.

Шешім:

Осы ретте, студенттер мен талапкерлерге оқудың ақысын төлеуде қолдау көрсету мақсатында кредитті төлеу бойынша мерзімі 12 жылға дейін кейінге шегерілген кепілзатсыз білім кредиттерін беру бағдарламасы қолданысқа енгізілген еді. Аталған кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы орталығының (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілдігі кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде жүреді.

Қаржы орталығы кепілдік еткен білім беру кредиттері оқу нысаны бойынша ешқандай шектеусіз Қазақстанның барлық ЖОО-лары мен колледждерінің талапкерлері мен студенттеріне қолжетімді.

Берілу тәсімі:

Білім беру кредитін алу тәртібі мынадай: талапкер немесе студент кеңес алу үшін банкке немесе Қаржы орталығына барады, қажетті құжаттарды жинап, оларды өз өңіріндегі банкке тапсырады. Өтініш бойынша оң шешім шығарылғаннан кейін білім беру кредиті оқу орынның шотына аударылады. Білім беру кредитін алу үшін негізгі жұмыс орны бойынша табысы бар бір немесе екі қосалқы қарыз алушы талап етіледі.   

Қосымша артықшылықтары:

Оқу кезіне және оқуды бітіргеннен кейін 6 айға дейін кредитті төлеу мерзімін кейінге шегеру бар. Кез келген уақытта кредитті мерзімінен бұрын өтеуге болады, ол үшін айыппұлдық санкциялар алынбайды. Кредит бүкіл Қазақстанда беріледі және кредиттің сомасы бойынша шектеулер жоқ (бастысы оқу құнынан аспаса болғаны).

Осы бағдарламаның арқысында талапкерлер мен студенттер ата-аналарының қаржы мүмкіндіктеріне үміттенбей, өз болашағын өз күшімен жоспарлай алады.

Баламалы мүмкіндік:

Болашақта білім алуды жоспарлау:

Балаларының жарқын болашағын ерте жастан жоспарлайтын және кейін оқу ақысын төлеуде қиналғысы келмейтіндер үшін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде арнайы «AQYL» білім беру депозитінде келешекте оқуға қаражат жинақтауға керемет мүмкіндік ұсынылады.

«AQYL» білім беру депозитіне банктен және мемлекеттік ақшалай сыйақы түсіп тұрады. Сонымен қатар, депозит үшінші тұлғалар тарапынан тыйым салулар мен өзге шектеулерден қорғалған және 10 млн.теңгеге дейін мемлекет кепілдік еткен.

Анықтама үшін:
«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы   1 маусымдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

 «Қаржы орталығы» АҚ қызметiнiң негізгi мәнi ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн қаржы ұйымдары ұсынатын білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру, сондай-ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=11838&#

 

Қазақ
× You found a Typo