Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Талапкерлер ШҚМУ базасында білімдерін сынады

18 наурызда «ҰБТ-2018» шарасы аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  университетінде Өскемен қаласының  орта білім беру мекемелерінің түлектері үшін ҰБТ-ға дайындық ретінде сынақ тестілеу өтті.

Аталған шараға қалалық 26 мектептен 600-ге жуық талапкер қатысып, әрқайсысы тест тапсыру технологиясы мен жеке танысты, соңынан университет оқытушыларынан кәсіптік бағдаралды.

Университеттің жоғары колледж және 45 бакалавр мамандықтарына оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстары  жүргізілді. Тестілеу соңынан талапкерлерге ақпараттық материалдар (кітапшалар, буклеттер мен проспектілер) тапсырылды. Кәсіптік бағдар жұмысы барысында университет ректоры  Мұхтар Төлеген оқушылар мен сұхбат құрып, сұрақтарына жауап берді, келешекте студенттер қатарына қосылған жағдайда қандай мол мүмкіндіктер берілетіні туралы сөз қозғады.

Университетте оқу заманауи материалдық-техникалық базаның бар екені, студенттер өміріне аса назар аударылып, ректорат тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп отыратыны аталып өтті.

Ректор өз сөзінде биыл мемлекеттік білім беру грантының саны техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша 20 мыңға өсетінін атап өтіп, талапкерлерді ШҚМУ мамандықтарын таңдап,  білім алуға шақырды және бәсекеге қабілетті маман болу үшін барлық жағдай жасалатынын баса айтты.

Сонымен қатар, университеттің маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы мектеп бітірушілерді «Шығыстың Алтын қоры» базасында университеттің білікті оқытушылары өткізетін ҰБТ пәндері бойынша курстарға қатысуға, сапалы дайындықтан өтуге шақырды.

Л. Байжұманова,

Қабылдау комиссиясыныңкеңесші- жауапты хатшысы

Қазақ
× You found a Typo