Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Талапкерлердің назарына: ШҚМУ жатақханасына орналасу тәртібі бекітілді

25 шілде күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «2016-2017 жж Студенттер үйлеріне бірінші курс және жоғарғы курс студенттерін орналастыру тәртібі» ережесі бекітілді.

Ережелердің мәтіні.

Бірінші және жоғарғы курс студенттерін 2016-2017 оқу жж студенттер үйлеріне ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

  1. 1 курс студенттерін орналастыру 2016 жылдың 25 тамызында университет комиссиясымен жүргізіледі:
    1. тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің студенттері 30 Гв дивизия, 40 мекенжайы бойынша орналасқан № 3 Студенттер үйіне орналасады.
    2. Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің студенттері 30 Гв дивизия, 40 мекенжайы бойынша орналасқан №4 Студенттер үйіне орналасады.
    3. Экономика және құқық факультетінің, психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері 30 Гв. Дивизия 38 мекенжайы бойынша орналасқан №5 Студенттер үйіне, ал «дене шынықтыру және спорт», «алғашқы әскери мамандық», «музыкалық білім» мамандықтарының студенттері Образцовая, 7 мекенжайы бойынша орналасқан №1 Студенттер үйіне орналасады.

 

1.4 Қажетті құжаттар:

  1. Ректордың атына өтініш (факультет деканының қолымен);
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. 3*4 сурет;
  4. қосымша:
  5. ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болса);
  6. оралман куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  7. отбасында 4 немесе одан да көп бала бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалалы отбасыларға);
  8. мүгедектік туралы анықтама (бар болса).

2. Студенттер үйлеріне орналастыру келесі кезекте жүргізіледі:

  1. бірінші курс студенттері және «Серпiн -2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша түскен грант иегерлері;
  2. білім гранттарының немесе әкім грантының иегерлері;
  3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар;
  4. ақылы оқитын студенттер;
  5. шетелдік студенттер;
  6. магистранттар.

3. Жоғарғы курс студенттерін орналастыру 2016 жылдың 29 тамызында жүргізіледі

2-4 курс студенттерін бұрынғы тұрған Студенттер үйлеріне орналастырады.

4. Студенттер үйлерінде тұру үшін айына, бір орын үшін студенттерге 3100 теңге, магистранттар үшін 8000 теңге. Оплата за проживание в Домах студентов составляет за койко-место студентам - 3100 тенге.

5. Комиссия рұқсатын алған соң, студент медпунктке барып, тексеруден өтуі тиіс: 30 Гв.дивизия көшесі, 36 (№ 3 оқу ғимараты, 1 қабат).

6. Бос орындар болған жағдайда бір отбасының студенттері бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге орналастырылатын болады. 

7. Орналастыру комиссиясының жұмыс уақыты – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін).

Комиссия Студенттер үйлерінің орналасқан жерлерінде жұмыс істейді.

 

Қазақ
× You found a Typo