Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Танымал заңгер Ермек Әбдірасылов ШҚМУ-дың құрметті профессоры атанды

4 желтоқсанда әкімшілік ғимараттың акт залында заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Баяхметұлы Әбдірасыловқа ШҚМУ құрметті профессорының дипломы, төсбелгісі, мантиясы табысталды.

– Құрметті Ермек Баяхметұлы, ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен Сізге осы құрметті атақ беріліп отыр. Бұл сізге деген зор құрметтің, ШҚМУ-ды дамытуға қосқан үлесіңізге деген шексіз алғыстың белгісі, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген.

Ғалым ЖОО ректорына ризашылығын білдіріп, университетпен әріптестігін жалғастыра беруге, білікті мамандар дайындауға өз үлесін қоса беруге әзір екенін жеткізді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo