Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Танымдық іс-шара өтті

Қараша айының 11 жұлдызында, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың "Нұр Отан" партиясы аясынан құрылған "Жас Отан" ЖҚ-ның бастауыш бөлімінің төрағасы Басбақбаев Қайыржан Серікұлының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен бірлікке – 25 жыл» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Бастау сөзді Қайыржан Серікұлы өзі алып, Жас Отан мүшелеріне және кешке қатысқан басқа да студенттерге «Отан» деген, ұлы сөздің қандай ыстық әрі киелі екені жайлы ой қозғады. Ол, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек»,- деген көрегенділігін сөзге тиек етті.    

 Танымдық іс-шара барысында, Жас Отан мүшелері: 3 топқа бөлініп, берілген тақырып аясында, өздері дайындаған презентация, бейне-ролик және сахналық көрініс бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

 Көрермен ортасынан суырылып шығып, қытай баласы Шиау Зы Жың: «Сәлеметсіздерме! Менің қытайша есімім Шиау Зы Жың, ал қазақша есімім Серік. Мен қазір орындайтын өлең махаббат жайлы, сағыныш жайлы»,-деп сөз бастап, өзінің керемет әнімен жиналған студенттер мен қонақтардың қошеметіне бөленді.

 Іс-шара барысында, «Бейбітшілік» тобы дайындаған презентация үлкен бір шеберлік пен төзімділіктен жасалған дүние болды. Қазақстан Республикасында 130-дан астам халықтар достығы мен ел бірлігі Елбасының сындарлы да, салиқалы саясатының беріктігі екенін тағы дәлелдеді.

 «Достық» тобы арнайы достық үйіне барып түсірілген бейне-роликте - халықтардың достығын дәріптейтін және университетімізде білім алып жатқан қытай, моңғол, орыс, корей қыздарының сәлемі жолданылып, сөз соңында қытай қызы «Қарлығаш» әнін салып берген дүние жасалынды.

«Болашақ» тобы дайындаған сахналық көріністе: қазақ отбасының үш бірдей ұлы соғыста қаза тауып, олар неміс баласын өз қарауына алып, оған Зекең деп есім беріп, бауырларына басқаны суреттелген. Зекең 6-8 ай ішінде қазақ тілін зерек қабылдап, балалармен бірге қазақтың ұлттық ойыны «асық» ойнап үйренеді. Сонда, ауылдың болысы келіп ақсақалдан былай деп сұрайды: 

- Ақсақал, міне бала да тіл үйреніп қатарға қосылды. Көкейде жүрген бір сұрағым бар еді, келген балалардың ішінен дәл осы неміс баласын таңдауыңызға не себеп болды? Неміс бәрібір кейін өскен соң, өз отанына оралады өзімізге жау болып шабады деп ойламайсыз ба...?

- Ия, қарағым менің қазақ балаларын таңдағым келіп еді, бірақ бауырларды бір-бірінен айырғым келмеді. Неміс баласы, қытай баласы деп бөлудің қажеті жоқ. Біз қазақ әр адамды бауыр деп санаған халықпыз. Мен Зекеңнің бойынан бір ерекшелік, үлкен күш байқадым,- деді ақсақал.

Бұл көріністен шығатын қорытынды, «тілі бөлек болған менен – тілек бір», халықтар достығы, биік шаңырақтың уықтары сынды берік байланысқан. Біз сияқты көп ұлтты бейбітшілік пен бірлікті ту еткен мемлекетіміздің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі екені тағы да «тайға таңба басқандай» көрінді.

Осындай, берері мол іс-шара соңында: ШҚО-ның Жас Отан ЖҚ төрайымының орынбасары Аяулым Жалеловна, тәрбие ісі бөлімінің маманы Айтуғанова А. және жастар ісі жөніндегі коммитет төрағасы Батырбай Ә. өздерінің қорытынды сөздерін айтып, белсенді жастарды арнайы мақтау қағазымен марапаттады.

Ендеше осынау ортақ щапағат пен шаттықтың нұр төккен әрбір сәулелі күні тек бейбітшілік пен бірлікке толы болсын! 

Бейбіт күннің астында бірлігіміз мәңгі жасасын! 

Физика мамандығының 3-курс студенті Қасиет Тынысбаева

 

Қазақ
× You found a Typo