Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тараз мемлекеттік университетінің студенттері ШҚМУ-да оқып жүр

Оқу жылы информатика мамандығында білім алып жүрген студенттер үшін ерекше басталды, өйткені олардың тобына Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінен Аружан Қыстаубай және  Сәуле Сейдахметова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға келді.

Қыздар келе сала студенттер үйіне орналасып, сабаққа кірісіп кетті.

Алдыменен оқу корпустары, «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығы, кітапхана оқырман залдарымен танысты.

Өткен семестрде осы топтың студенттері Арай Сатыбалды, Назгүл Майкон, Ұлдана Әбілқайыр аталған жоғары оқу орнында білім алып келген болатын.

Сол кезеңде Аружанмен және Сәулемен танысып, дос болып кеткен. Осы жолы қыздардың осында келуіне де бір себеп болғаны айқын. Қыздар топтағы студенттермен тез тіл табысып оқуға деген ынта-жігерліктерін көрсетуде.

Қыздар Өскеменнің көптеген қызықтыратын жерлерімен де танысып жүр. Бірге жиналып демалыс күндері Қазақстан тауына шығып, этнографиялық ауылды қызықтап, Халифа Алтай мешітіне де барды. Қала күнінде әуенді фонтанды тамашалап, әншілердің әнімен көңіл көтерді.

«Томирис» фильмін көреміз деп «Юбилейный» кинотеатрына да барды.

Аружан мен Сәуле есте қалардай әсер алып, үйлеріне оралғанда білімдерін жаңа күшпен, ынтамен жалғастырады деп ойлаймыз.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo