Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тарбағатай ауданы әкімі ШҚМУ-да студенттермен кездесті

Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өскемендік ЖОО-лар мен колледждер студенттерімен кездесті.

Тарбағатай ауданында тұратын ШҚМУ мен өзге де оқу орындарының студенттері, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан түлектер әкіммен ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залында кездесті.

Әкім студенттердің жұмыспен қамтылуға, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына, жас мамандардың тұрмыс жағдайына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесу аясында жұмыс берушілердің бос орындар жәрмеңкесі және концерт өткізілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo