Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тархан тірек геологиялық кесіндісі» табиғи-ландшафт қорық-мұражайын салу»

Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары биология ғылымдарының докторы, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Б.Мырзағалиеваның жетекшілігімен «Тархан тірек геологиялық кесіндісі» табиғи-ландшафт қорық-мұражайын салу» жобасын құрастыруда.

Жобаның мақсаты – 2018-2019 жж. көлемінде «Тархан тірек геологиялық кесіндісі» мұражай-қорығын салу арқылы тарихи-табиғи мұраны қорғау, пайдалану және насихаттау.

Шығыс Қазақстан – таңғажайып мекен: мұнда табиғаты көз сүріндірер жерлер, қайталанбас тарихи және мәдени ескерткіштер көп. Дәл осы аймақты аңызға айналған алтай тайпасы мекен еткен, ал одан тіпті ертерек, ондаған миллион жыл бұрын ШҚО-да динозаврлар өмір сүрген. Жергілікті таулар – Дельбегетей, Айдаһар тау солардың құрметіне аталған. Өскеменнен 26 шақырым жерде Тарханка ауылың шетінде Глубоковский ауданында палеонтологиялық ежелгі табиғи ескерткіш – Тархан геологиялық кесіндісі орналасқан. Тархан тірек геологиялық кесіндісі палеонтологиялық ландшафтысының территориясын табиғи қорық ретінде мойындау және ол жерде аспан астындағы мұражай салу бұл жердің жоғары мәдени маңызымен шарттастырылады.

Тасқа айналған ежелгі ағзалары бар тауларды зерттеу, біріншіден, органикалық өмірдің даму үрдісін көрсететін картинаны толыққанды көруге, екіншіден, олардың шамалы геологиялық жасын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, үшіншіден, аймақ тарихын танытатындықтан,Тархан тірек геологиялық кесіндісі - ерекше ғылыми және тарихи құндылыққа ие табиғаттың ежелгі палеонтологиялық ескерткіші. 360-330 миллион жыл бұрын Үлбі өзені болмаған еді, бұл аралықты Алтай көлінің шығанағы алып жатты. Уақыт өте келе, тау қалыптастырушы үрдістерден кейін көл жойылып, Тархан тірек геологиялық кесіндісі оның куәсі болды. Ол жоғары девон мен төменгі карбон жанартау және тұнбалы тұқымдарының қабаттарынан жасалды. Кесіндінің түрлі қабаттарында ежелгі ағзалардың тасқа айналған қалдықтары, жүздеген миллион жыл бұрын жасалған өзіндік «суреттер» бар. Кесінді екі геологиялық кезең – девон мен карбонның шөгінділері арасында шекара жүргізетін эталон іспеттес. Әлемде ұқсас қасиеттері бар тек бір ғана геологиялық кесінді бар, ол Арденны тауларында (Бельгия) орналасқан, алайда, жануарлар әлемінің байлығы жөнінен Тархан геологиялық кесіндісі одан бірнеше  есе ауқымдырақ. 

Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo