ТФжХҚФ деканының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Г.М. Нұралинова мен А.Ж. Әубәкірова факультет белсенділерімен және старосталарымен кездесті.
Кездесуде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен бақылаудағы старостаның рөлі, студенттің академиялық адалдық тәртібі, ЖОО-дағы ішкі тәртіп пен студенттердің сыртқы тұрпаты, жатақханада тұру ережесі талқыланды.
Сондай-ақ, рейтингтік баға қою, студенттердің емтихан сессияларына қатысу тәртібі, ауруға байланысты сессияны ұзарту ережесі және өзге де мәселелер түсіндірілді.
Жиында сыбайлас жемқорлық, діни ағымдар туралы мәселелерге де ерекше назар аударылды.
Студенттер түйткілдерді қызу талқылап, өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап ала алды.
Баспасөз қызметі