Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде дипломдар табысталды

ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде диплом тапсыру салтанаты өтті.

Қызыл дипломдарды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ровнякова Ирина Владимировна табыстап, түлектер мен ата-аналарын құттықтады.

Күндізгі бөлімдегі 140 түлектің 44-і үздік диплом алды. Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынаш оқыған студенттердің алғашқы легі шығарылып отыр.

Факультет үш кафедрадан тұрады, мамандарды үшсатылы модельде даярлайтын білікті оқытушылары, креативті студенттері мен магистранттары бар.

Осы жылы бакалавриаттың 8 мамандығы бойынша түлектер ұшырылды.

Факультет доценті Оразалин Сләмбек құттықтау сөз сөйледі.

ТФжХҚФ деканы Өскембай Ә.А. түлектерді құттықтап, ата-аналары мен ұстаздарына алғыс білдірді.   

Салтанатта ШҚМУ гимні орындалды, «Тарих» мамандығының түлегі Сабыр Аслан ән шырқады.

Іс-шараға деканның орынбасары Нұралинова Галима, қазақ, орыс фиологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Қартаева Айжан, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Қапышева  Гүлнар қатысты.

Рәсім соңында түлектер оқытушыларымен бірге фотосуретке түсті.

Түлектерді құттықтап, табыс тілейміз!

Фотосуреттерді сілтемеден көруге болады  https://cloud.mail.ru/public/3Pv6/rViLfmNfP  

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті

Қазақ
× You found a Typo