- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті «Тарих», «Халықаралық қатынастар», «Тарих және цифрлық гуманитаристика» мамандықтарының 1 курс студенттері бірлесіп «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» атты мерекелік шара өткізді.
Онлайн форматта өткен бұл шарада студенттер Наурыздың тарихымен таныстырып, түрлі халықтардың осы мерекені қарсы алу дәстүрлеріне тоқталды, презентациялармен таныстырды, өлең оқып, күй шертті.
1 курс кураторлары Л.Қ. Жаманбаева, Р.Қ. Нұрбекова және А.Т. Қазбекова ұйымдастырған іс-шарада барлық студенттер айрықша белсенділік танытып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Қазақстан тарихы кафедрасы