Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігіне орай интеллектуалдық сайыс өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігіне орай «Мен жастарға сенемін!» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайыс Рухани жаңғыру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ф.К. Қабдрахманованың, аға оқытушылар Р.Т. Уәлиева мен М. Шүршітбайдың жетекшілігімен өтті.

Іс-шара мақсаты сапалы мамандар даярлаумен қатар, жастардың бойында рухани құндылықтар мен патриотизмді дамыту болды.

Сайыс 3 кезеңге бөлінді – «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап), «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте...» (ойлан-тап), «Жастар жырлайды!» (шығармашылық сайыс). Тапсырмалары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап әзірленді. Түрлі мамандықтардан құралған 5 топ білімдерін шыңдап, өнер көрсетті.

Сайыс қонағы ретінде оқу орнының әдістемелік бөлімі, факультеттің оқытушылары мен түрлі мамандықтардың білім алушылары қатысты. Соңында сайыс қорытындысы шығарылып, қатысушыларға алғыс жарияланды. Қонақтар ұйымдастырушыларға, жүргізушілерге және қатысушыларға ізгі тілектер айтты.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo