- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қараша айының соңында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы жас тарихшылардың міндеті» атты төртінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын.
Ол жиынға ШҚМУ «Рухани жаңғыру» орталығының аға ғылыми қызметкері Әсем Әубәкірова және оның жетекшілігіндегі тарих мамандығының 3 курс студенті А. Мұқан мен шет тілі мамандығының 1 курс студенті И.Советхан қатысқан-ды. Конференция қорытындысында И. Советхан Ермахан Бекмаханов атындағы республикалық байқаудың үшінші орын жеңімпазы атанған болатын.
Жуырда Институт директоры З.Қабылдиновтен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлегеннің атына Алғыс хат келді, хатта ШҚМУ делегациясы ұсынған баяндамалардың ғылыми маңызды болғанын ерекше атп өтілген.
Баспасөз қызметі