- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
14-23 қараша аралығында Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орайластырылған (17 қараша) онкүндігі өткізіледі.
Темекі түтінінде 4000 астам белгілі химиялық заттар бар; кем дегенде 250 химиялық зат денсаулыққа зиян, оның 50-ден астамы адамдарды обыр ауруына душар етеді.
Жабық бөлмеде темекі түтінімен барлық адамдар тыныс алады - темекі шегетіндерде де, темекі шекпейтіндер де, оның зиянды әсеріне ұшырайды. Кальян түтінінің құрамында канцерогендік зат бар, оның ішінде, темекіге арнайы нитрозаминдер, көпоралымды көмірсутектер, ұшпалы альдегидтер, мысалы, формальдегид пен бензол және токсиканттар сондай-ақ, олар азот оксиді және ауыр металдар.
Сонымен қатар, көмір жанған кезде жоғары деңгейінде көміртек тотығы және канцерогенді полициклды көпоралымды көмірсутектер шығарады. Бұл уытты заттар, жүрек және өкпе ауруларына соқтырады, оның ішінде темекі тұтынатындарды онкологиялық ауруларға алып келеді. Халықаралық күнінің және онкүндіктің мақсаты мен міндеттері: адам денсаулығына темекінің зиянды әсері туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, пассивті темекі тұтынуды, кальян, НЭЖЖ тұтынуды тоқтату мақсатында көмек көрсету мен қолдауды ұйымдастыру.
Дәріскер: ШҚОСӨСҚО «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығының мамандары.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бөлім