Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Терминжасамға арналған ашық сабақ өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті «Терминжасамның теориялық мәселелері» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Қазақ, орыс және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты К. Еңсебаева «Терминжасамның теориялық мәселелері» пәні бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранттарына «Терминжасам және сөздіктер рухани жаңғыру аясында» ашық сабағын өткізді.

Сабаққа кафедра оқытушылары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранттары  мен  3 курс  студенттері қатысты.

Сабақ барысында Ж. Қажыбаева «Термин және терминология туралы түсінік», «Қазақ терминологиясының зерттелу тарихы», Ш. Солтанбекова «А.Байтұрсынұлы – қазақ терминологиясының атасы», «Құдайберген Жұбанов және қазақ терминологиясының негізгі принциптері», А. Ертарғынова «Мемлекеттік терминология   комиссиясы және термин қалыптастырудағы орны», «Терминжасам – терминология көздері» баяндамаларын жасап, интербелсенді тақта арқылы қазақ терминологиясының тарихын, қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдады.

Сымбат Келгенбаева,  

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты

Қазақ
× You found a Typo