Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ТФжХҚФ студенттері Елбасы туралы «Дана шешім» бейнефильмін тамашалады

18 қараша күні Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде куратор Д.А. Маткәрімованың жетекшілігімен «Қос шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері «Тұңғыш Президент жетістіктері» атты кураторлық сағат өткізді.

Студенттер презентация дайындап, «Дана шешім» бейнефильмінен үзінді көрсетіп, ҚР Тұңғыш Президентінің өмір жолы мен жетістіктері туралы айтып берді.

Ұлт Көшбасшысының жетістіктері шынайы құрметке ие, сондықтан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің біздің күнтізбемізде – 1 желтоқсанда пайда болуы заңды. Енді қыстың алғашқы күні, осы мереке атап өтілетін күн барлық қазақстандықтар үшін айтулы мейрамға айналды.

Студенттер өз ойларымен бөлісті.

Одан кейін студенттер «Дана шешім» бейнефильмінен үзінді көрсетті. Бұл үзінді Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім қабылдағаны туралы айтылатын аттас деректі фильмнен алынған. Кураторлық сағат барысында студенттерге ақын, саясат және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 1989 жылы Семейдегі ядролық полигонды жабу туралы талап қойғаны айтылды.

Н.Ә.Назарбаевтың шешімін сол кездегі ең ірі ядролық державалар – АҚШ, Ресей және Ұлыбритания қолдады. Н.Ә. Назарбаевты көптеген наградалармен марапаттады, өйткені ол біздің заманымызда жаһандық проблемаға айналатын зұлматты тоқтатты. Фильмде сол оқиғалардың куәгерлері естеліктер айтады.

Кураторлық сағаттың соңында студенттер бұл фильм туралы өз ойларымен бөлісті.

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo