1 қыркүйекте Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері үшін Білім күніне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Құралай Жириндинова ұйымдастырды.
Куратор пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан болатынын түсіндіріп, онлайн жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Сабақтар мамандықтың оқу үрдісінің кестесіне сәйкес жүргізілетіні және сабақ кестесіне сәйкес Big blue button және ZOOM платформалары мен (http://edu.vkgu.kz/) қашықтан оқыту порталында синхронды режимде болатыны жөнінде толық ақпарат берілді.
«Тарих» мамандығы бойынша дәріс беретін барлық оқытушылар бұл порталға апта бойынша пәннің дәрістерін, тапсырмаларын, бейнедәрістерін, тесттік тапсырмаларды, қосымша материалдарды жүктеген. Сонымен қатар, порталда университеттің және еліміздің басқа да үздік кітапханаларының ресурстары қолжетімді болады.
Қазақстан тарихы кафедрасы