Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ТФжХҚФ ұжымына жаңа декан таныстырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген ТФжХҚФ ұжымына жаңа деканды таныстырды.

ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің ұжымына жаңа деканды – Әлия Әкімқызы Өскембайды таныстырды.

Ректордың айтуынша, декан алдында ерекше міндеттер тұр, өйткені факультет элиталық мамандықтарды дайындайды, мұнымен қоса, осы жылы «журналистика» мамандығы 20 жылдығын атайды.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Әлия Әкімқызы Өскембай әр жылдары ШҚМУ көпбейінді колледжінің оқытушысы, сапа менеджменті және оқу үрдісін әдістемелік қамту бөлімінің маманы, менеджмент және сапа бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Қазақстан және шетел тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет етті.

Кафедра меңгерушілері А. Жанбосынова мен Э. Столярова әріптестері Ә. Өскембайға табыс тіледі.

Баспасөз қызметі

Суретті түсірген А. Попов

Қазақ
× You found a Typo