Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тігін сырлары» үйірмесінің шеберлері киізден тұрмыстық заттар жасауды үйренді

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Физика кафедрасының «Кәсіби оқыту, көркем еңбек және графика» білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған «Тігін сырлары» үйірмесінің кезекті отырысында шеберлер тұрмыстық заттарды фетрден жасауды үйренді.

Өндірістік оқыту шебері Айжан Үмбетованың бастауымен ұйымдастырылған үйірме жоспары бойынша жастар фетрдан тұрмысқа қажетті және тағы да басқа бұйымдар жасауды үйренді. Қазіргі кезде фетрді қолдану аясы өте үлкен. Фетр қолдануға өте ыңғайлы (шеті сетінемейді, желімге жабысады).

– «Қазақтың тойы бітпесін» деген ұранмен аққу формасындағы тойбастар жасауды үйрендік. Қазір тойбастарсыз той өтпейтін болды ғой. Аққу формасындағы тойбастар өте әдемі және адалдық пен таза махаббаттың символы болғандықтан оны тойдың символы ретінде алдық, – дейді Айжан Үмбетова.

Аққудың өлшемі, аққудың суретін салудың оңай жолы, астынғы бөлігіндегі шеңберді дәл өлшеп алу т.б. қыр-сырлары айтылды. Шебер сынып барысында бір «Аққу» толығымен тігіліп көрсетілді. Шеберлік сыныбы барысында тақтаға есеп те шығарылды, сурет те салынды. Шебер барлық жағынан да шебер болуы керек.

Қазақта той көп қой, солардың ішінде балаларға арналған тойлардың тойбастарларына ұсыныс ренінде құлыншақ пен ботаның суретін салу көрсетілді. Әр шебер өз фантазиясы бойынша ары қарай әсемдеп-сәндеп алуына болады. Және де келешекте осы бұйымдарды тұрмыста қай жерлерде қолдануға болатындығы талқыланылды.

– Егер Сізге осы шеберлік сыныбы ұнаған болса және басқа да қызықты бұйымдар жасап үйренгіңіз келсе, онда Сізді өз парақшамда күтемін, @Umbetova_Aizhan. Олай болса іске сәт! «Тігін сырларынан» жағымды жаңалықтар күтіңіздер! – дейді оқыту шебері.

«Тігін сырлары» үйірмесі

Қазақ
× You found a Typo