Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тігін сырлары» үйірмесінің шеберлері перделерге арналған ілгектер тігуді үйренді

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Физика кафедрасында ұйымдастырылған «Тігін сырлары» үйірмесінде студенттер перделерге арналған ілгектер тігуді меңгерді.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Физика кафедрасының «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» мамандығының өндірістік оқыту шебері Айжан Үмбетованың бастауымен ұйымдастырылған үйірме нәтижелерімен бөліседі.

Үйірме жоспары бойынша үйдің сәнін келтіріп тұратын пердені жинағыш үйретілді. Білім алушылар үлкен қызығушылықпен тікті. Әлеуметтік желілерден басқа да түрлерін іздеп, ой бөлісіп, шеберлік сыныбы қызықты өтті. Әр адамның қиялына, үйінің дизайнына қарай оны алуан түрлі етіп тігуге болады. Білім алушылар қолда бар материалдан штор жинағыш тігіп шықты. Нәтижесін Сіздерге көрсетпекшіміз.

 «Тігін сырларынан» жағымды жаңалықтар күтіңіздер!

Физика кафедрасының «Тігін сырлары» үйірмесі

Қазақ
× You found a Typo