Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тігін сырлары» үйірмесінің студенттері киізден заттар жасауды үйренді

Физика кафедрасында «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» мамандығы бойынша ұйымдастырылған «Тігін сырлары» үйірмесі жұмысының кезекті нәтижесі – фетрден дайындалған органайзерлер, сөмкелер, тұғырлар және тұрмысқа арналған басқа да заттар.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Физика кафедрасының «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» мамандығының өндірістік оқыту шебері Айжан Үмбетованың бастауымен ұйымдастырылған үйірме нәтижелерімен бөліседі. Үйірме жоспары бойынша фетрдан тұрмысқа қажетті және тағы да басқа бұйымдар жасауды үйрету болатын. Қазіргі кезде фетрді қолдану аясы өте үлкен. Фетр қолдануға өте ыңғайлы (шеті сетінемейді, желімге жабысады).

Осы жолы Сіздерге кейбір білім алушылардың жұмыстарын көрсетіп, таныстырғым келеді.

Білім алушымыз Тұмар қызықты да ерекше бұйымдар істейді. Келесі жолы істейміз деп жоспарлаған бұйымды ол алдын ала жасап, келесі сабақта өз жұмыстарымен бөлісіп отыратын кездері болады. Оған мысал, Тұмар өз фантазиясымен буклетке 4 мезгілді фетрден жасаған; фетрдің қалдықтарынан кішкентай конфеттер, ыстық ыдыстың астына қоятын тұғыр, гүл салынған ваза және әдемі сөмкеше жасаған.

Жоспар бойынша ыстық ыдыстың астына қоятын тұғырлар мен органайзер жасау керек болатынбыз. Есесіне Жанерке мен Альбина тамаша органайзерлер жасады. Жанеркенікі шұлық салуға арналған болса, Альбинанікі көп функционалды органайзер болып шықты.

Бірақ білім алушыларға қандай бұйым жасаймын десе де шектеу қойылған жоқ. Айзат «Материалдарды көркемдеп өңдеу және тұрмыс эстетикасы» деген пәннен өзіне көздің жауын алатын кажекей (жилет) тігіп алды. Кажекей әлі де жасалу барысында, оған моншақтар мен тастар жапсырылуда.

«Тігін сырларынан» жағымды жаңалықтар күтіңіздер!

«Тігін сырлары» үйірмесі,

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo