Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тіл білімінің мамандары бас қосты

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен бірлескен «Қазақ тілінде білім беру мен оқытудың инновациялық үдерістері: мәселелер, заңдылықтар, болашағы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның басты мақсаты – латын әліпбиіне көшу, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасу. Ғылыми-практикалық конференцияның құрметті қонағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес және филология ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты қызметкері Бағдан Момынова болды.

– Білім беру саласындағы үштілділік мәселесі қазіргі таңда еліміз үшін өзекті екені белгілі. Елбасы бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-80 қадамдарында үштілділік мәселесі жөнінде қарастырылған. Ағылшын тілінде жер жаһанда 1,5 миллиард адам сөйлейді. Азиядағы Қытай, Жапония сынды көші ілгері елдерде балабақшадан бастап ағылшын тілін үйретуде. Демек, мемлекеттің дамуында үштілділіктің маңызы зор, – дейді филология ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Сағанаева.

Шара Шығыс өңірінің тумасы, профессор, филология ғылымдарының докторы Бағдан Момынованың 60 жылдық мерейтойына арналғанын айта кетейік.

 – Туған күнімді кіндік қаным тамған жерде тойлатып жатқаныма қуаныштымын. Өзімнің шәкірттерімді көріп қуанып отырмын. Студенттермен кездестіріп, аймақтық ғылыми конференция деңгейінде ұйымдастырып жатқан төл шәкірттеріме, әрі тіл білімінің оқытушыларына үлкен алғыс айтамын, – деді Бағдан Момынова.

Конференция барысында ұстаздар мен қатысушылар алдағы уақыттарда мемлекет үшін жаңа серпіліс әкелетін, яғни, латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo