- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен О. Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара «Тіл шеруі» айлығына орай ұйымдастырылды.
Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Ж. Жұматаева, №27943 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту қызметінің басшысы Б. Оспанова, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті А. Айтмұқашова және студенттер, зиялы қауым өкілдері мемлекеттік тілдің жай-күйі, тілге байланысты түйткілді мәселелер жайлы өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында студенттер, қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшелері жалынды жырларын оқыды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырып, жүргізген – қалалық кітапхананың қызметкері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі Дүргінбай Қызырбек.