Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тіл саясаты және Шығыс Қазақстандағы ономастикалық кеңістік» атты семинар өтті

21 қараша күні Біліктілікті бекіту орталығы ШҚО Тілдерді дамыту басқармасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (он-лайн режимде), А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (он-лайн режимде) бірлесіп «Қазақстан республикасындағы тіл саясаты және Шығыс Қазақстандағы ономастикалық кеңістік» атты G-global форматындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсатыҚазақстан Республикасындағы Тіл саясаты және ономастиканың өзекті мәселелерін саралау және Қазақстан ономастикасының дамуындағы мәдени-тарихи, саяси, әлеуметтік факторларды нақтылау, құқықтық-нормативтік жүйесін жетілдіру туралы ой-пікірлерді ортаға салу. Қоғамдық сананы жаңғырту – ұлттық, мемлекеттік бірегейлікті сақтаудан басталуы қажеттігі жайлы қоғамдық пікір қалыптастыру назарға алынды.

Семинар барысында Біліктілікті бкіту орталығының директоры Б.Б. Келгембаева, ф.ғ.к. «Ономастика – ұлттық кодты сақтаудың маңызды факторы ретінде», филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Б. Әбдуалиұлы «Латын әліпбиіне көшу жағдайындағы урбаноним мәселелері», филология ғылымдарының докторы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас маманы Б.М. Сүйерқұл «Ономастика саласындағы диахронды зерттеулер методологиясы»,  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Н. Бияров  «Қазақ топонимжасамы және қазіргі қазақ ономастикасының мәселелері»,  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Ә. Әлімхан «Шығыс Қазақстан ономастикалық кеңістігі: теориялық-практикалық мәселелер»,  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  2 курс магистранты Ш. Солтанбекова «Шығыс Қазақстан антропонимдерінің даму динамикасы» атты тақырыптарда баяндама жасады.

 Қазақстанның ЖОО мен ғылыми орталықтарының ғалымдары, ШҚО колледж және мектеп мұғалімдері, жас ғалымдар, студенттер қатысты.

Семинардың соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, Шығыс Қазақстанның ономастикалық атаулары бойынша ұсыныстар берілді.

Біліктілікті бекіту орталығы

                                                                                                                                               

 

Қазақ
× You found a Typo