Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тәлімгер-Вожатый Fest фестивалі

12 мамырында Шығыс Қазақстан облысы «Дарын» лагерінде педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО және колледж студенттері арасында «Тәлімгер-Вожатый Fest» облыстық фестивалі өтті.

 Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз мезгілі. Үш ай демалыста балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қаламыз. Бүгін мен демалыстың көркі – лагерь екенін айтуды жөн көрдім.

Шығыс Қазақстан облыстық «Дарын» балаларға арналған лагерь 2016жылы ашылған болатын. Өңірдегі талабы таудай талантты балғындар жазғы маусымда табиғаты әсем Таулы Үлбідегі демалыс орнында өткізеді. Лагерде көбінесе түрлі интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылады. Өйткені басты мақсат – балаларға әдемі демалыс сыйлап қоймай, олардың  таланттарын дамытып, білімдерін шыңдау.

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Макшиева Гүлмира Құрманбайқызы жетекшілігімен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Әлеуметтік жұмыс және өзін-өзі тану» мамандықтарының 2-3 курс студенттері «Дарын» лагерінде педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО және колледж студенттері арасында «Тәлімгер-Вожатый Fest»  облыстық фестиваліне қатыстық. Қатысушылар саны 7 команда болды.

Фестиваль бағдарламасы келесі байқау бойынша өткізілді:

Бірінші байқау – Педагогикалық жасақтардың визиттік карточкасы (таныстыру), (5мин)

Екінші байқау – Үй тапсырмасы «Лагердегі бір күн»(5-7мин)

Үшінші байқау – Зияткерлік-шығармашылық квест (әр станцияға 5 мин)

Төртінші байқау – Флешмоб (Ұрандар, жаттығулар, ойындар, санамақтар және т.б.) (10 мин).

Студенттер сайысқа қызығушылықпен қатысты. Біздің «ДосStar» командасы «Ең үздік креативті команда» деген номинациясымен марапатталды.

Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрісін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысады. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезілінде денсаулықтарының саулықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру - бүгінгі күннің басты міндеті. Сайыстан оқушылардың жаз уақытын ұйымдастырудың мүмкіндіктерімен таныстық. Біз сайыстан үлкен әсермен қайттық. Сайысқа қатысуға мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткен университетіміздің әкімшілігіне алғысымыз шексіз. 

Психология, педагогика және мәдениет факультетінің,

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесінде 

3курс студентті Қуандық Сая Қанибекқызы

Қазақ
× You found a Typo