Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Толеранттылық мектебінің сессиясы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай «Жастар ортасында мәдениетаралық толеранттылық кеңістігін қалыптастыру және диалогты дамыту» толеранттылық мектебінің X сессиясы өтті.

Сессия тақырыбы – «Дәстүрлі мәдениет және қоғамдық сананы жаңғырту». Мектеп жұмысына С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ топтары қатысты, алғаш рет ҚАЕУ колледжінің командасы шақырылды.

Мектепте жетекші ғалымдар, ШҚО ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері – тарих ғылымдарының докторы Александр Алексеенко, ШҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Әубәкірова, ШҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Элеонора Столярова, ШҚМУ PhD докторы, доценті Әлия Нұғманова оқытушы болды.

Топтар әлеуметтік жобаларды әзірлеуге және ұсынуға шақырылды, оның мақсаты – түрлі этникалық топтар дәстүрлерін пайдаланудан синергетикалық әсер алу.

Толеранттылық мектебінің сарапшылары ШҚМУ «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары студенттері даярлаған «Жады кітабы: отбасылық мұрағаттарды бұлтта сақтау» жобасын атап өтті. 

«Рухани жаңғыру» орталығы

Қазақ
× You found a Typo