Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Толғандырған мәселеге – әзілмен

Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі ерекше жоба жасады. Оның көмегімен кемшіліктерді анықтап, істің жағдайы мен ұжымның микроклиматын жақсарту жоспарланады.
Бірінші «Stend up» табысты болды! Қатысушылар қалжың үлгісінде түрлі мәселелерді жеткізді. Мысалы, миопия мен омыртқаның қисаюына әкеліп соғатын мектептің қазіргі парталары арқылы көрермендерге Эрисманның оқушы партасын естеріне салды. Арнайы еңкіштік ертеректе балалардың дене тұрқының түзу және жақсы көруі үшін болған. Мұғалім Құдаш Нұрсадықов бұл тақырыпқа ән де шығарып, сөзінің соңында орындап берді.
Көрермендер Аслан Фазылтегінің мұғалімдердің компьютер мәселесі мен оған қатысты тапсырыс беру бойынша қарым-қатынасына көздерінен жас аққанша күлді. Әр жаңа қалжың ду қол шапалағымен ұласты.
Орыс тілі мұғалімі Айнара Доланбаева ИОП кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша сабаққа дайындалуға әкелді. Сабақтың әр тақырыбын өзге пәннің тақырыбымен байланыстырудағы бас қатыру, ассоциация іздеу түске де ене бастаған.
Нолан Гейгердің Өскеменге үйренуі, өзге де шетелдік мұғалімдердің тіл білмеуден түрлі жағдайларға тап болуы жаңа күлкі тудырды. Бір жыл ішінде ол орыс тілін меңгеріп, тыңдаушыларына түсінікті айта алатындай дәрежеге жеткен. Сондай-ақ ол қазақстандық мұғалімдерге де ағылшын тілін меңгеруге болатынын, ең бастысы- халықаралық мұғалімдермен қарым-қатынас жасасудан қорықпау керек екенін, тілдегі қателік жақын арада өткен күндер боп қалатынын айтты.
Барлық қатысушылар грамотамен марапатталды. Ал әрбір көрермен «Әр әзілде бір шындық бар» демекші, өзіне пайдалы қорытынды жасады.
– Біз әркімнің үнін естуіміз керек деп жиі айтамыз, бірақ ол үшін ештеңе істемейміз. Осы жобаның арқасында сөйлеймін деушілердің микрофон алуына мүмкіндік тиді. Басынан бастап мәселені көрерменге адамдық қадір-қасиетіне тимей, сыпайы түрде жеткізе білу шарты қойылды. Бейнетүсірілім, фотосурет, мимика қосу, пантомимо көрсетуге де болады. Бұл шарттар орындалды. Мен де өзімнің кейбір тұстарымды байқадым, – деді мектеп директоры Күлфарида Раисова.
Мектеп басшылығы бұл жобаны енді оқушылар арасында жалғастыруды ұсынды. Бұл оларға кемшіліктерді анықтап және әзілдің көмегімен қабылдап, қорытынды шығаруға көмегін тигізетін болады.
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo