Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» семинары

13-17 ақпаны аралығында Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.) «Erasmus+»: «Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» жобасының аясында семинар өтті.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті атынан шараға «Erasmus+» жобасының жұмыс тобына кіретін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бері бөлімі бастығының міндетін атқарушы Б.З.Медеубаева, экология және география кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Идришева Ж.К. қатысты.

Семинар аясында 3 күн бойы біріккен іс-шаралар кешені және шешілетін міндеттер талданып, серкітес елдерде (Ресей және Қазақстан) жобаны жүргізу бойынша қысқаша есеп ұсынылды, «Су ресурстарының трансшекаралық менеджменті әдістемесін және индустриалды-академиялық серіктестікті дамыту стратегиясын әзірлеу» №2 жұмыс пакетінің нәтижелері туралы» сұрақтар талқыланды, жобаны ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша координациялық кеңес өткізілді. Жобаның екінші жылына жұмыс жоспары бекітілді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

«Erasmus+»

Қазақ
× You found a Typo