Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты кураторлық сағаты өтті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс «А» тобының студенттері куратор Айымгүл Қамзақызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты кураторлық сағат өткізді.

Желтоқсан құрбандарын еске алып, тарихи тұлғаларды ұлықтау мақсатында өткен іс-шараға кафедра меңгерушісі Сәкен Қасенов пен Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті кураторлар кеңесінің  төрайымы Жаннета Амангелдіқызы қатысып, тәуелсіз мемлекетіміздің тарихына шолу жасап, бүгіні мен болашағынан сыр шертті.

Шара барысында рухты көтеретін, жігерді қайрайтын қазағымыздың қасиетті күйі тартылып, студенттер тақырып аясында түрлі сұрақтарға жауап беріп, мазмұнды баяндамалар жасап, жырдан шашу шашты. Тарихи кезеңге байланысты бейнебаян көрсетіліп, арнау өлеңдер оқылды.

Студенттер болашаққа зор сеніммен қарайтындарын айтып, өз еліне адал қызмет етуді парыз санайтындарын танытты. 

Мадина Садықова

Қазақ
× You found a Typo