Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбиелік іс-шара биология кафедрасында өткізілді

12 желтоқсан  ШҚМУ-ың 4 ғимаратында биология кафедрасының аға оқытушысы Комекова Г.К. және «Биология» мамандығының 1 курс студенттері «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Патриоттық рухты, елді мекеніне, өз еліне сыйластықпен қарауға көзқарастарын одан да ары нығайту және дәріптеу мақсатында өскелең ұрпаққа мәдени, эстетикалық, патриоттық тәрбие беруге, туған еліне, елді мекеніне сыйластықпен қарауға, орындаған жұмысқа, істеген ісіне жауапкершілікпен, өзін сабақта және сабақтан тыс уақыттарды мәдени ұстауға деген тәрбиелік мәні бар тақырыпта іс-шара өткізідлі.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті дей отырып кештің басы еліміздің әнұранымен басталды.

Кеш барысында тәуелсіздігіміз үшін жан беріп, өздерін құрбан еткен аға-әпкелерін еске алып бір минут үнсіздік те жарияланды.

Сонымен қатар, кеш «Биология» мамандығының 1 курс студенттердің қатысуымен ән, күй, би және әртүрлі қойылымдармен жалғасты. 1 курс студенті Ергеш Дінисламның орындауымен «Желтоқсан желі» атты ән айтыла отырып еліміздің тәуелсіздік шежіресі тізбектелді.

«Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік, осындай бейбіт елде ата-ана, бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!» - дей отырып кеш «Көк тудың желбірегені» атты әнімен аяқталды.

«Биология» мамандығының

1 курс студенттерінің кураторы

Комекова Г.

Қазақ
× You found a Typo