- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
9 желтоқсан күні педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, топ кураторы Г.К.Дюсембинова мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздік–қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кураторлық сағат өткізді.
Студенттер кураторлық сағатты «Қазақ елім бұл Қазақстан» атты тамаша әнмен бастады. Сонымен қатар Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз дей келе студенттерге оқытушы тарапынан Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында болған тарихи оқиғалардан викториналық сұрақтар қойылды.
Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін, Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін деп кураторлық сағатты аяқтады.
Педагогика психология және мәдениет факультеті