Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы экскурссия өтті

29 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Біліктілікті бекіту орталығы мен «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің 9-сынып оқушыларына арналған «Елбасы – ел тірегі» атты экскурссия өтті.

Экскурссияны Біліктілікті бекіту орталығының директоры, ф.ғ.к. Келгембаева Б.Б. жүргізді. Психофизиологиялық зертхана меңгерушісі, психология магистрі Смаилова Ж.Ө. оқушыларға психофизиологиялық зертхана қызметі мен арнайы құрылғылар арқылы диагностика, коррекция жасау мүмкіндіктері жайлы әңгімелеп берді. 

«Назарбаевтану» ҒБО әсем безендірілуі мен ұсынылған материалдардың мазмұны балаларды тәнті етті.

Жас ұландар Елбасының ата-тегі, отбасы, балалық шағы мен өмір жолы, Тәуелсіз еліміздің қалыптасуына, дамуына сіңірген еңбегі, мемлекеттер арасындағы бітімгерлік қызметі жайлы мағлұматтарға қанықты.

«Назарбаевтану» ғылыми білім беру орталығындағы «Ұлт көшбасшысы», «Рухани жаңғыру», «Ел жүрегі - Астана», «Қазақстанның спорттағы жетістіктері» т.б. экспозициялары оқушылардың  танымын арттырғаны сөзсіз.

 Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo