29.11.2018
Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағат өтті
Бүгін «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағат өткізді.
Сабақ барысында студенттер Тұңғыш Президент туралы ақпарат алып, Елбасының саяси еңбектерін талқылады.
Студенттер «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып, талқылады, «Рухани жанғыру» мақаласымен танысты. Сабақ барысында «Сен Елбасын білесің бе?» викториналық ойыны болып, студенттер куратор сұрағына жауап беру арқылы білімдерін көрсетті.
Бұл куратор Д. Маткәрімова өткізген кураторлық сабақта студенттердің белсенділігін, болашақ патриоттар шығып келе жатқанын байқадық.