«Тарих» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің кураторы Л.Қ. Жаманбаева Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында студенттер Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихы рөлін, халықаралық қатынастар саласындағы бастамаларын атап өтті.
Президенттің еңбектеріне, оның ішінде, қазақстандықтардың бойында өз өлкесіне, тарихына, мәдениеті мен дәстүріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен адалдық арқылы танылатын шынайы патриоттық сезімді тудырып, Отан алдындағы адамгершіліктік парызды тәрбиелеуді мақсат тұтқан «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» тәрізді бағдарламалық мақалаларға ерекше мән берілді.
Қазақстан тарихы кафедрасы