Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар аясында интерактивтік сабақ өткізілді

25 қаңтарда жұмыс жоспарына сәйкес «Білім беру мен оқытудағы инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар откізілді.

Интерактивті сабақты қауымдастырылған профессор., п.ғ.к. Нургалиева Сания Айдархановна өткізді.

 Жұмыс барысында С.А.Нургалиева өзінің сабақ беретін студенттерінің  көмегімен сергіту сәті, проблемалық оқыту, топтық жұмыс, әңгіме-сұхбат сияқты білім беру мен оқытудағы инновациялық тәсілдеріне тоқталды.

Практикалық жұмыс барысында С.А.Нургалиева өз тәжірибесімен таныстыра отырып, семинарға қатысушыларды топқа бөліп, топпен тиімді жұмыс істеу әдістерін көрсетті. Семинарға қатысушылар дәріскерге сұрақтарын қойып, сабаққа белсене қатысты.

Семинар соңында әркім алған әсерлерімен бөлісіп, осындай қызықты да мәнді сабақ өткізгені үшін алғыстарын айтты.

Семинар барысында инновациялық тәсілдерді университеттің оқу үдерісіне кіргізуге мүмкін болатынын көрсетті.  

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo