Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар іскерлік ойын жүргізді

21 желтоқсан күні  жұмыс жоспарына сәйкес  «Оқытудың белсенді әдістерін семинарлық және практикалық сабақтарда пайдалану» тақырыбы бойынша тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар өткізілді.

Семинардың негізгі міндеттері: профессорлық-оқытушылар құрамын кәсіби құзыреттілігін арттыру;  оқу сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін  пайдалану және мәнімен, әдістемесімен танысу;  университеттегі білім беру процесін ұйымдастыру жаңа тәсілдерін қалыптастыру; білім саласындағы өзекті әр түрлі проблемаларды жан-жақты талқылау және еркін пікір алмасуға жәрдемдесу.

Іскерлік ойынды Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті- Губайдуллина Гаян Нурахметовна өткізді.

 Семинар жұмысына университеттің әр түрлі кафедраларынан   оқытушылар қатысты.

Семинар барысында оқытудың әр түрлі кезеңдерінде пайдаланатын белсенді оқыту әдістері қарастырылды.

Практикалық іскерлік ойын барысында Г.Н.Губайдуллина өз тәжірибесімен таныстыра отырып, оқытудың белсенді әдістерін түрлі пайдалану мүмкіндігін және  университетте семинарлар мен тренингтерін өткізу барысында инновациялық тәсілдерді пайдалану жолдарын  көрсетті.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo