Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Түрік профессоры: ШҚМУ қарқынды дамып келеді

Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, Үскідар университеті әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі (Ыстамбұл) Абульфаз Давуд оглы Сүлейманов ШҚМУ-дағы психология бойынша бір айлық дәрістерін аяқтады.

Ғалым С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Психология, педагогика және мәдениет факультетінің шақыртуымен болды.

– Мен әлеуметтік психология бойынша дәрістер оқыдым. Әлемдегі өзекті деген жалғыздық, зорлық-зомбылық мәселелеріне, сонымен қатар жасанды интеллект тақырыбына ерекше назар аудардым. Сондай-ақ, Түркиямен онлайн байланыс жасап, дефектология, ми қызметі, психиатрия, этникалық психология салалары бойынша ғалымдардың дәрістерін тыңдатқыздым. Мұнымен қоса, әлеуметтік және қамқоршылық жұмыс пробеламаларын қарастырдық, – деді ұстаз.     

Профессор Абульфаз Давуд оглы Сүлейманов Өскеменге екіші рет келіп отыр.

– Мұнда достарым өте көп. Университет қарқынды дамып келеді, жаңашылдықтары жетерлік. Екі ел арасында қалыптасқан ынтымақтастық ғылым және білім саласының өркендеуіне жол ашып отыр, – деді ол. – Өскемен – шағын болса да, тіршілігі қайнап жатқан шаһар. Халқы жайлы, ілтипатты, үнемі көмек көрсетіп жіберуге әзір. Маған этноауыл керемет ұнады. Төрт сағат жүріп араладым. Бірегей жоба екен. Өңірде тұратын түрлі ұлттардың тұрмысы мен тарихын танып шығасын. Сол жерде телефоным арқылы Түркиядағы таныстарыма трансляция да жасап, бәрін көрсеттім. Мұндай мұражайды мен тек Лондонда көргем.      

Ғалым алдағы уақатта Өскеменге тағы келіп, ШҚМУ білімгерлеріне дәріс беруге мүдделі. Ол, сонымен қатар, ШҚМУ-дағы әріптестерімен бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізуді де көздеп отыр.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo