Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Түрік және жапон ғалымдары ШҚМУ-да шикізат өңдеу мәселесін талқылады

6 желтоқсанда ШҚМУ-да Түркия мен Жапония ғалымдары қатысқан «Табиғи шикізатты өңдеу мәселелері» дөңгелек үстелі болып өтті.

Іс-шараға ЖҒжТФ деканы Д. Ерболатұлы, химия кафедрасының меңгерушісі Б. Шаихова, докторанттар, магистранттар қатысты.

Медицина ғылымдары университетінің профессоры Ахмет Бейатлы өзінің зерттеу жұмысымен – емдік шөптердің диабетке қарсы қасиеттерімен таныстырды. Осы күні ШҚМУ мен Медицина ғылымдарының университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылған-ды.

Жапониялық Акита университетінің профессоры Бешо Масахико озық материалдар әзірлемесін көрсетті.

Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық зертхана меңгерушісі, PhD докторы  Б. Рахәділов зертхананың ғылыми жобалары туралы айтып берді.

Қатысушылар өз ойларын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді, көтерілген мәселенің өзектілігін атап өтті. Университеттер арасындағы ынтымқтасты үдету ұйғарылды. Студенттер бірлескен ғылыми жұмыстардың бірнеше өзекті тақырыптарын ұсынды.

Баспасөз орталығы

Қазақ
× You found a Typo