Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Туризмді дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті

Экономика және құқық факультетінде «Шығыс Қазақстандағы туризмнің жағдайы, оны дамыту және туризмдегі шығындарды есепке алудың ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті.

«Қаржы және есеп» кафедрасындағы дөңгелек үстелді «Shanyshkil» туристік бюросының директоры Г. Қойшинова мен «Қазақтелеком» бас маманы, қаржы мамандығы бойынша 1 курс магистрі Т. Нұрбаев ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге факультет деканы А. Мұхамедиева, деканның орынбасары А. Рахметова, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі А. Апышева, «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі Т. Абылайханова және оқытушылар К. Шолпанбаева, Г. Қойшинова, Н. Шайханова, Л. Белоусова, К. Немеренева, А. Жапарова, К. Қонбаева, Е. Қамшыбаев, «Қаржы», «Есеп және аудит», «Туризм», «Экономика» мамандықтарының студенттері қатысты.

Қатысушылар туризмнің қазіргі жағдайы, оны дамыту жолдары, туристік бизнес шығындарын есепке алу, туристік өнімдердің түрлері, шетелдік туристік агенттіктермен ынтымақтастық туралы хабардар болды.

Қорытындысында аймақтық туристік агенттіктерге туристік өнімдердің жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу ұсынылды.

Экономика және құқық  факультеті

Қазақ
× You found a Typo