Абай жылының соңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттері мен оқытушылары түрік және қазақ лингвистерінің ауқымды әдеби-лингвистикалық кездесуіне қатысты.
Қос елдің зерттеушілері екі туыс тілдің, түрік және қазақ поэзиясының ерекшеліктерін зерттейді.
Абай мұрасының әуенді әндері барлық тыңдаушылар мен кездесуге қатысушылар үшін шын мәнінде сыйлық болды.
Кездесуге Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында түрік тілінен сабақ беретін Түркиядан келген еріктілер – профессорлар Сайдуллах Думан мен Гүл Бану Думан қатысты.
Аталған іс-шараға Қазақстандағы Түркия елшілігінің және Түркия білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Баспасөз қызметі