Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Түркиялық профессор эколог-студенттерге дәріс оқыды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында экология және география кафедрасының шақыруымен Түркия мемлекетіндегі Елази қаласында орналасқан Фырат университетінен келген PhD-докторы, профессор-эколог Мұстафа Танер Шенгүн екі апта көлемінде экология, география, тіршілік қауіпсізідігі және қоршаған ортаны қорғау мамандықтарының студенттеріне экология бағытында дәріс оқыды.

Академиялық кездесу барысында студент жастар Түрік елінің экологиялық ерекшеліктерімен, екі өлкені салыстыра отырып, өндірістік және қоршаған ортаны ластаушы заттардың нормалық көрсеткіштерімен, экологиялық кодекстердің баптарының үндесу ерекшеліктерімен танысты.

Студенттер үшін әзірленген презентациялық, көрнекті бейнематериалдар арқылы ғалым Түркиядағы экологиялық туризмнің дамуына, жоспарлану, жүзеге асыру әдістеріне назар аударды. Үзіліс уақыттарында профессор жастарға өз елінің орта, жоғары білім алу жүйесімен, студенттік өмірден таныстырды. Мысалы, мектеп жасындағы жасөспірімдер 1-шіден 4-ші сыныпқа дейін бастауыш мектепте білім алса, келесі басқа оқу орнына көшу үшін емтихан тапсырып орта мектеп атты оқу орнына, одан кейін лицейге түсетінін айтып жеткізді. Демек, жас ерекшеліктеріне байланысты бір мекемеден екінші мекемеге көшіп отыру екенін айтты.

Сонымен қатар, студенттерді қызықтырған жәйт, ол – әрбір 100-ден астам Түркия ЖОО оқу орындарында 40 000 студенттердің бар екені болды. Оның себебі Түрік жеріндегі халық санының 80 млн. асатыны себеп екен. Лекцияларында ғалым жастар назарын өзекті проблемалар болып отырған - шаң–тозаң, шумен ластану, жаһанды жылыну, қала елді-мекендер тұрғындарының қарқынды өсуі сияқты, қазіргі әлемдік замануи экологиялық мәселелерге жиі бұрып отырды.

Алдын алу профилактикалық шаралар мен экологиялық заңды кодекстердің баптарын бұлжытпай орындау өте маңызды екенін естеріне салды.

-Көптеген өлкелерге бардым, алайда сіздердің қалаларыңыз сияқты өте жасыл, әдемі де бай ландшафы бар жер көру сирек жағдай болғанын айтайын, жәнеде өте қызық көрінген дүние, ол – Ертіс және Үлбі екі өзенінің келіп түйісуі маған ерекше әсер қалдырғанын жасырмаймын. Ұлы Ертіс өзенін біздің университетіміздің география мамандығында оқитын студенттер арасында білмейтіні кемде кем, - деді Мустафа Танер Шенгюн.

Түркиядан келген мейман университетіміздің мұражайлары мен зертханаларын аралап, «Алтайтану» орталығында көптеген деректермен, университет кітапханасының сирек кездесетін қорымен танысты. Қаланың этносаяжайын кезуде студенттермен Ұлы жібек жолының пайда болу тарихымен бөлісті. Сондай ақ, университет басшылығы және кафедра оқытушыларының ұйымдастырумен қала маңайындағы таулардың, су қоймаларының, фауна мен флора көздерінің пайда болу тарихи жерлерімен таныстыру өткізілді.

Қоштасарда Мустафа Танер Шенгюн: «Ежелгі ата-бабаларым өмір сүрген топыраққа келіп, өзім үшін ғажайып бір дүние аштым, еліме қайтып бара жатып университет басшылығына, кафедраға мені шақырғаны үшін үлкен алғыс айтуыммен қатар, қазақстандықтарға түркі халықтарының салт-дәстүрлерін, алуан түрлі этностар достығын сақтап отырғандары үшін алғысымды білдіремін», - деді.

Сонымен қатар, ғалым студенттер мен оқытушыларды Түркия еліне турист ретінде, алмастырып оқыту бағдарламаларына сәйкес келуіне, өз елінің жоғары оқу орындарының магистратура, докторантурасына оқуға шақырды. Университет, кафедра тарапынан сыйлы мейманға естелік сувенирлері табыс етілді.

Экология және геоагрфия

кафедрасының аға оқытушысы,

Байжуманова Л.

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo