- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов университетінде «Зерде» қыздар клубының ұйымдастыруымен университеттің аруларына арналған «Болу үшін бақытты, Бағалай біл уақытты» атты семинар-тренинг өткізілді.
Назарбаев Университеті мемлекеттік басқару мамандығының магистранты Мариям Ыдырыс басты қонағымыз болды. Волонтерлыққа баулу мақсатында ол «Jas volunteers» атты қоғамдық бірлестікті ашқан. Қазір 160 волонтеры бар бірлестік Астананың он алты мектебінде қызмет жасайды. Мариям Ыдырыс жастардың жеке және кәсіби тұрғыда дамуына үлес қосуды мақсат етуде.
«Time management» барлық адамдарға керек, бірақ уақытты барлығы тиімді қолдана алмайды. «Time management» – осы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы. Уақытты дұрыс жоспарлау – тиімділікті, нәтижелікті арттыру мақсатында жасалатын пландау, кейбір әрекеттерге жұмсалатын уақытты бақылау, басқару. Өткен күндер, жылдар қайта келмес, ал келесі жылдың қалай өтетіні бізге байланысты. Тренингті жүргізу барысында Мариям Ыдырыс «АБВГД», «Эйзенхауэр», «Тазалық» технологиясын үйретті, ұтыстар ойнатты.
Тренинг соңында қыздар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, өмірлерінде қолдана алатындай жігерленіп кетті.
«Зерде» қыздар клубы